2024 жылғы 16 шілде № 3/373-1385
Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 2/225-969 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып
қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 2/225-969 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасындағы:
реттік нөмірі 63 алынып тасталсын;
реттік нөмірі 74 келесі редакцияда мазмұндалсын:
«
|
74.
|
«Qazaq Stroy Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
20-322-009-248
|
«Шұғыла» шағын ауданы, 341 учаске
|
5,0350
|
» .
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев