16 шілде 2024 жылы № З/373-1248     Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып  қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

16 шілде 2024 жылы № З/373-1248

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып

 қоюға байланысты жер учаскесінің немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 17 ақпандағы № 22.1-22/206-И хаты негізінде Алматы қаласының                           әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Қолданыстағы тозығы жеткен құрылыстарды бұза отырып, №139 бөбекжайдың жаңа ғимаратын салу үшін «Winter Fantasy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Мақатаев көшесі, 99 мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 20-314-015-079 (20-311-042-079), жалпы алаңы 0,4657 га-дан ауданы 0,1172 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамада белгіленген тәртіпте меншік иесін  хабардар етсін және жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                     Е. Досаев

Дата публикации
17 июля 2024