10 шілде 2024 жылы № З/373-1032     Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып  қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

10 шілде 2024 жылы № З/373-1032

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып

 қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 18 маусымдағы № 42.1-42/788-И хаты негізінде Алматы қаласының                        әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалпы білім беретін мектеп құрылысы үшін «Qazaq Stroy Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Шұғыла» шағын ауданы, 341 учаске мекенжайы бойынша орналасқан, (кадастрлық нөмірі 20-322-009-249), жалпы ауданы – 16,9167 га жер учаскесінің ауданы - 2,3264 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін хабардар етсін және меншік иесіне жер учаскесі бөлігінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан

кейін жер учаскесінің бөлігін «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

Дата публикации
12 июля 2024