2024 жылғы 2 шілде № 3/373-1013       Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып  қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2024 жылғы 2 шілде № 3/373-1013

 

 

 Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып

 қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 26 маусымдагы № 03.4-15/164-И хаты негізінде Алматы қаласының                        әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін (қорған қорымын) сақтау үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты «Qazaq Stroy Almaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Шұғыла» шағын ауданы, 344 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-322-009-223) ауданы 4,2235 га жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін хабардар етсін және меншік иесіне жер учаскесі бөлігінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскесін бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан

кейін жер учаскесін бөлігін «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

Дата публикации
05 июля 2024