2024 жылғы 19 маусым № 2/225-850      Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2024 жылғы 19 маусым № 2/225-850

 

  

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 18 маусымдагы №24.01-24.07/499-И хаты негізінде Алматы қаласының  әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ортақ пайдалануындағы объектілердің құрылысы үшін (алаң), Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Сейфуллин даңғылының батысы, Сәтбаев көшесінің солтүстігінде орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін  хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

 

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2024 жылғы «19» маусым

№ 2/225-850 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.     

Адайбекова Лейла Муханбетовна

20-313-004-324

Сейфуллин даңғылы,  605 үй

0,1778

2.     

Адайбекова Лейла Муханбетовна

20-313-004-338

Сейфуллин даңғылы,  607 үй

0,0808

3.     

«Сейфуллина 605» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-313-004-685

Сейфуллин даңғылы,  603/1 учаске

0,1253

 

______________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 июня 2024