2024 жылғы 28 мамыр № 2/225-545     Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып  қоюға байланысты жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2024 жылғы 28 мамыр № 2/225-545

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып

 қоюға байланысты жер учаскесінің немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласы әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №33 отырысының 7.3-тармағы, Бостандық аудандық сотының 2020 жылғы 7 қыркүйектегі жеке ұйғарымының, «Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 34.3-34/534-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жол жүруді ұйымдастыру үшін Труш Александр Валерьевичтің Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Ерменсай шағынауданы, Арайлы көшесі, 22 үй мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-313-055-055), ауданы 0,0563 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін хабардар етсін және меншік иесіне жер учаскесі өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын. 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

Дата публикации
30 мая 2024