2024 жылғы 17 мамыр № 2/225-431     Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2024 жылғы 17 мамыр № 2/225-431

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, 2019 жылғы                    29 қазандағы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың төрағалығымен өткен «Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» кеңес хаттамасының 2.3-тармағы, «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің                        2024 жылғы 16 мамырдағы № 32.1-32/1739-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жалпыға ортақ пайдалану нысаны құрылысы үшін Рашид Хакимович Редясебовтің, Карина Евгеньевна Редясебованың Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Қазакфильм» шағын ауданы, 263Б үй мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-313-022-054), жалпы ауданы 0,4559 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамада белгіленген тәртіпте меншік иелерін  хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                     Е. Досаев

Дата публикации
21 мая 2024