2024 жылғы 20 наурыздағы № 1/1-100    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2024 жылғы 20 наурыздағы № 1/1-100

  

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 2 ақпандагы № 24.1-25/85-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Емхана құрылысы үшін Ходеда Заирович Садыковтің, Нубар Абдулрахмановна Мамедованың Алматы қаласы Жетісу ауданының Райымбек даңғылы, 263Б үй мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-314-066-247), жалпы ауданы 0,0450 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін  хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскесің немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесің «Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

Дата публикации
20 марта 2024