2024 жылғы 29 ақпандағы № 1/1-80
Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын
(жария сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына сәйкес, «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 3 қарашадағы №41.6-41/1175-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 1. Сыртқы инженерлік желілерді жүргізу үшін Алматы қаласы Бостандық ауданының «Нұрлытау» шағын ауданында орналасқан жалпы ауданы 0,1302 га «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесі үшін меншік иелерінен (жер иелерінен) жер учаскелерін алып қоюсыз, осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне 5 (бес) жылға мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.
- «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерінің меншік иелерін (жер пайдаланушыларын) шектеулі пайдалану құқығының (жария сервитут) белгіленгені туралы және көрсетілген жер учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау мерзімдері туралы хабардар етсін.
- «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев