2024 жылғы 14 ақпандағы № 1/1-41
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 9 ақпандагы №47.1-47/220-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев
Алматы қаласы әкімдігінің
2024 жылғы «14_» ақпандағы
№ 1/1-41 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
|
Р/с № |
Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
|
|
|
«Арман-Сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-311-009-118 |
Масанчи көшесі, 59а үй |
0,1841 |
|
|
2. |
Биекенов Берик Кенесович |
20-311-009-045 |
Масанчи көшесі, 61 үй |
0,0221 |
|
|
3. |
«Alina Property» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-311-009-166 |
Масанчи көшесі, 67а үй |
0,0826 |
|
|
4. |
«Alina Property» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-311-009-054 |
Масанчи көшесі, 67а үй |
0,3374 |
|