2024 жылғы 29 қантардағы № 1/1-20        Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын белгілеу туралы (жария сервитут)

 

2024 жылғы 29 қантардағы № 1/1-20

 

   

Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын

белгілеу туралы (жария сервитут)

 

 

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына сәйкес, Энергиятиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының 2022 жылғы   29 наурыздағы №41/176-И хаты және Алматы қаласы Жер комиссиясының  2022 жылғы 9 қыркүйектегі қорытындысының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1 Қала сыртындағы коллекторды қайта жаңарту үшін Алматы қаласының Алатау және Жетісу аудандарында орналасқан меншік иелерінен (жер пайдаланушылар) жер учаскелерін алып қоюсыз, осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне 5 жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (жария сервитут) белгіленсін.

  1. Алматы қаласы жер қатынастары басқармасы Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен бірлесе отырып:

1) жер учаскелерінің меншік иелеріне (жер пайдаланушылар) қабылданған қаулы туралы хабарласын;

2) осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

3) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

        

 

Алматы қаласының әкімі                                                                          Е. Досаев

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2024 жылғы «29» қантардағы

№ 1/1-20 қаулысына қосымша

 

 

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с №

Кадастрлық нөмірі

 

Жер учаскесінің орналасқан жері

Сервитут шекарасына кіретін жер учаскесінің ауданы (га)

1

20-321-006-861

Алатау ауданы, Солтүстік айналым көшесі, 78/2

0,2549

2

20-321-006-264

Алатау ауданы, Солтүстік айналым көшесі, 84

0,0296

3

20-321-006-842

Алатау ауданы, Солтүстік айналым көшесі, 90/1

0,0184

4

20-321-006-853

Алатау ауданы, Солтүстік айналым көшесінің батысында

0,0852

5

20-321-006-852

Алатау ауданы, Солтүстік айналым көшесінің батысында

0,0413

6

20-321-006-057

Алатау ауданы, Солтүстік айналым көшесі, 32

0,0016

7

20-321-006-903

Алатау ауданы, Солтүстік айналым көшесі, 104

0,2767

8

20-321-006-870

Алатау ауданы, Солтүстік айналым көшесінің батысында

0,1552

9

20-321-006-866

Алатау ауданы, Солтүстік айналым көшесінің батысында

0,3081

10

20-321-006-527

Алатау ауданы, Солтүстік айналым көшесі, 116

0,7079

11

20-321-006-048

Алатау ауданы, Солтүстік айналым көшесінің батысында, «Айнабұлақ» шағын ауданының солтүстігінде

0,0010

12

20-321-006-620

Алатау ауданы, «Қарасу» шағын ауданы, нөмірі жоқ учаске

0,0157

13

20-321-006-256

Алатау ауданы, «Айнабұлақ» шағын ауданы, 65б

0,0338

14

20-321-020-025

Алатау ауданы, «Қарасу» шағын ауданы, Высоковольтная көшенің батысында

0,0970

15

20-321-020-478

Алатау ауданы, «Қарасу» шағын ауданы, Высоковольтная көшенің батысында

0,0493

16

20-321-020-323

Алатау ауданы, «Қарасу» шағын ауданы, Высоковольтная көшенің батысында

0,0484

17

20-314-043-416

Жетісу ауданы, Талант көшесі, 42/3 учаске

0,0032

18

20-314-043-397

Жетісу ауданы, Бурундайская көшесінің солтүстігінде, Солтүстік айналым көшесінің батысында

0,0013

19

20-314-043-370

Жетісу ауданы, Бурундай тас жолының солтүстігінде, Первомаймұнай базасының батысында

0,0637

20

20-314-001-008

Жетісу ауданы, «Көкмайса» шағын ауданы, 27а

0,0006

21

20-314-001-027

Жетісу ауданы, «Көкмайса» шағын ауданы, 27/4

0,0203

22

20-314-001-036

Жетісу ауданы, «Дорожник» шағын ауданы

0,0795

 

 

________________________________

 

 

Дата публикации
29 января 2024