2024 жылғы 23 қантардағы № 1/1-19
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі
алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы қалалық мобильдік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 11 қаңтардағы №34.1-34/40-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жалпыға ортақ пайдаланылатын жол үшін «NC 16» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласының Алатау ауданы, «Ғажайып» шағын ауданы, 5/17 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-321-044-334) ауданы – 8,2249 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Меншік иесі (жер пайдаланушы) жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін (жер пайдаланушыны) ескертсін және жер учаскесі меншік иесіне (жер пайдаланушыға) өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев