2024 жылғы 16 қантардағы № 1/1-15
Жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын (жария сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына сәйкес, «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Оңтүстік-Шығыс әуе қозғалысын ұйымдастыру өңірлік орталығы» филиалының 2023 жылғы 27 қазандағы №03.1-08-737 хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) 9 шағын аудан (әуежай), 47 учаске мекенжайы бойынша орналасқан кадастрлық нөмірі 20-317-011-113, ауданы 0,0390 га (жалпы ауданы 5,2000 га);
2) 9 шағын аудан (әуежай), 48-учаске мекенжайы бойынша орналасқан кадастрлық нөмірі 20-317-011-171, ауданы 0,0754 га (жалпы ауданы 15,4662 га) жер учаскелерінің меншік иелерінен жер учаскелерін алып қоймай, 3 жыл мерзімге жол жүруді ұйымдастыру үшін шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленсін.
1) жер учаскелерінің меншік иелеріне қабылданған қаулы туралы хабарласын;
2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.