2023 жылғы 26 қазандағы № 4/524-648 Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып  қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2023 жылғы 26 қазандағы № 4/524-648

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып

 қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 3 қорытындысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ортақ пайдаланудағы объектілердің құрылысы үшін (саябақ) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты «Nef & Ram» (Неф энд Рам) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Рахат» шағын ауданы, Күлтөбе көшесі, 1/1 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-322-026-941) жалпы ауданы 4,000 га жер учаскесінің ауданы 1,3734 га бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін хабардар етсін және меншік иесіне жер учаскесі бөлігінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін алып қойылған мүлікті және жер учаскесін Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын. 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік өтетін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                          

 

Дата публикации
31 октября 2023