2023 жылғы 26 қазандағы № 4/524-647 Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2023 жылғы 26 қазандағы № 4/524-647

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2022 жылғы 22 шілдедегі қорытындысының негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Автомобиль жол құрылысы үшін, Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы«Қайрат» шағынауданында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін  хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2023 жылғы «26» қазандағы

№ 4/524-647 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Р/с

Жер учаскесі
меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1

Хазаева Разида Сайдахметовна,

Бациева Шумайсат Хайбуллаевна

20-317-104-015

«Кайрат» шағын ауданы, 19 көшесі, 36 учаске

жалпы - 0,0925 иеліктен шығарылатын ауданы- 0,0023

2

Хазаева Разида Сайдахметовна,

Бациева Шумайсат Хайбуллаевна

20-317-104-029

«Кайрат» шағын ауданы, 19 көшесі, 38 учаске

жалпы - 0,0340 иеліктен шығарылатын ауданы- 0,0066

3

Бадалов Садри Бек

20-317-107-1315

«Кайрат» шағын ауданы, Түркістан көшесі, 9/1 учаске

жалпы - 0,0441 иеліктен шығарылатын ауданы- 0,0062

4

Бадалов Садри Бек

20-317-107-1316

«Кайрат» шағын ауданы, Түркістан көшесі, 9

жалпы - 0,0967 иеліктен шығарылатын ауданы- 0,0080

 

___________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 октября 2023