2023 жылғы 26 қазандағы № 4/524-645
Алматы қаласы әкімдігінің «Мемлекет мұқтажы үшін
жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін
немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы» 2023 жылғы 15 маусымдағы
№ 2/220-340 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Алматы қаласы әкімдігінің «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» 2023 жылғы 15 маусымдағы № 2/220-340 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасындағы:
реттік нөмірі 2 жолы алынып тасталсын.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев