2023 жылғы 24 қазандағы № 4/524-643   Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2023 жылғы 24 қазандағы № 4/524-643

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2023 жылғы 14 маусымдағы № 3 қорытындысының негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Кәріз сорғы станциясының құрылысы үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын:

1) Бексултан Модалимович Модалимовтың Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Томирис» шағын ауданы, Шыңқожа батыр көшесі, 72/6 үй мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-321-001-838), ауданы – 0,0653 га;

2) Нургуль Тагаевна Шоканованың Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Томирис» шағын ауданы, Жапек батыр көшесі, 23/6 үй мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-321-001-936), ауданы – 0,0639 га.

  1. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  2. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  3. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  4. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін және жер пайдаланушыны хабардар етсін және өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын. 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

Дата публикации
26 октября 2023