12 қазан 2023ж. №4/524-633      Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

12 қазан 2023ж. №4/524-633

 

  

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық пилоттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Салынып жатқан 1500 орындық мектепке кіреберіс жол құрылысы үшін және тұрақ кеңістігі Алматы қаласының Алмалы ауданы, Райымбек даңғылының оңтүстігінде мекенжайында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін  хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2023 жылғы «12» қазан

№ 4/524-633 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

 

 

 

1

Грицай Татьяна Фёдоровна, Грицай Елена Николаевна, Белебеха Надежда Николаевна, Грицай Николай Андреевич

20-311-023-345

Райымбек даңғылы, 202/4, 1 пәтер

жалпы - 0,1236 үлесі – 0,0539

2

Көкебаев Серікқазы Кәкенұлы

20-311-023-345

Райымбек даңғылы, 202/4, 2 пәтер

жалты - 0,1236 үлесі – 0,0697

3

Маслова Валентина Павловна, Маслов Кирилл Геннадьевич, Маслова Валентина Павловна

20-311-023-210

Райымбек даңғылы, 202/5, 1 пәтер

жалпы - 0,0956 үлесі – 0,0526

4

Жуйков Александр Николаевич

20-311-023-210

Райымбек даңғылы, 202/5, 2 пәтер

жалпы - 0,0956 үлесі – 0,0430

5

Конькова Наталья Ивановна, Коньков Сергей Александрович

20-311-023-249

Райымбек даңғылы, 204/4, 1 пәтер

жалпы -0,0881 үлесі – 0,0440

6

Зайкова Тамара Николаевна, Зайков Дмитрий Николаевич, Зайкова Наталья Дмитриевна

20-311-023-249

Райымбек даңғылы, 204/4, 2 пәтер

жалпы -0,0881 үлесі – 0,0431

7

Павский Артем Романович, Копылова Антонида Ивановна

20-311-023-365

Райымбек даңғылы, 206/5, 2 пәтер

0,0459

8

Налибаева Карлыгаш Кожахметовна, Налибаева Маржан Кожахметовна, Кожахмет Сандугаш Кожахметкызы, Налибаев Кожахмет Абшеевич, Жанпеисова Айкин Утежановна, Налибаева Меруерт Кожахметовна

20-311-023-203

Райымбек даңғылы, 206/6

0,0551

9

 

Жанпеисов Сагат Утежанович

20-311-023-077

Райымбек даңғылы, 206/4, 1 пәтер

жалпы - 0,0998 алынатын бөлігі – 0,0383

10

Курмангалиев Жумагельды Ауесханович, Курмангалиева Алтын Тажкуловна

20-311-023-077

Райымбек даңғылы, 206/4, 2 пәтер

жалпы - 0,0998 алынатын бөлігі – 0,0259

11

Ахманова Жадра Болатовна

20-311-023-077

Райымбек даңғылы, 206/8, 4а пәтер

жалпы - 0,0998 алынатын бөлігі – 0,0356

12

 «МТС Компани Лтд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-311-023-595

Райымбек даңғылы, участок 206/13

жалпы - 0,3004 алынатын бөлігі – 0,0600

 

__________________________________

 

 

 

Дата публикации
13 октября 2023