12 қазан 2023ж. №4/524-631       Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

12 қазан 2023ж. №4/524-631

 

 

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық пилоттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Салынып жатқан мектепке кіреберіс жол құрылысы үшін және тұрақ кеңістігі «VIVAT Building» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Райымбек даңғылы, 590 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-322-002-1219) жалпы ауданы 0,3402 га жер учаскесінің ауданы 9,5934 га бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін хабардар етсін және меншік иесіне жер учаскесі бөлігінің өтемақысын төлеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шаралар аяқталғаннан кейін алып қойылған мүлікті және жер учаскесін Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 октября 2023