12 қазан 2023ж. №4/524-632   Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

12 қазан 2023ж. №4/524-632

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, «Жайлы мектеп» білім беру саласындағы ұлттық пилоттық жобаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 30 қарашадағы № 963 қаулысына сәйкес
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Салынып жатқан 1500 орындық мектепке тұрақ кеңістігі құрылысы үшін Алматы қаласының Алатау ауданы «Ақбұлақ» шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін  хабардар етсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасының теңгеріміне берсін;

 

 

 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2023 жылғы «12» қазан

№ 4/524-632 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

 

 

 

1

Сембаев Бекет Мажитович

20-321-059-011

«Ақбұлақ» шағын ауданы, Сыздықов көшесі, 22

0,0818

2

Самахунов Ильдар Ибраимджанович, Самахунова Гульбостан Юсуповна

20-321-059-127

«Ақбұлақ» шағын ауданы, Сыздықов көшесі, 18

0,1624

3

Ибрагимов Сабиржан Турганович

20-321-059-155

«Ақбұлақ» шағын ауданы, Сыздықов көшесі, 24

0,0833

4

Азимова Инара Ибраимджановна

20-321-059-215

«Ақбұлақ» шағын ауданы, Сыздықов көшесі, 28

0,0777

5

Доронкин Игорь Николаевич

20-321-059-250

«Ақбұлақ» шағын ауданы, Новая көшесі, 52 учаске

0,0793

6

Ошуров Абдулжан Кивирович

20-321-059-280

«Ақбұлақ» шағын ауданы, Новая-2 көшесі, 51 учаске

0,0800

7

Савченко Виталий Николаевич

20-321-059-287

«Ақбұлақ» шағын ауданы, Новая көшесі, 55 учаске

0,0774

8

Сашкин Сергей Павлович, Сашкина Татьяна Алексеевна

20-321-059-420

«Ақбұлақ» шағын ауданы, Сыздықов көшесі, 16

жалпы-0,1941 үлесі-0,0800

9

Хрипунов Максим Александрович

20-321-059-420

«Ақбұлақ» шағын ауданы, Сыздықов көшесі, 16

жалпы-0,1941 үлесі-0,0441

10

Белоусова Ангелина Викторовна, Белоусов Абай Викторович

20-321-059-420

«Ақбұлақ» шағын ауданы, Сыздықов көшесі, 16

жалпы-0,1941 үлесі-0,0700

 

__________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Исп.: Кожахметова А.

Тел.: +7 (727) 229-21-81

Дата публикации
13 октября 2023