2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/370-535     Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 31 қантартағы № 1/1-74 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы  

 

2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/370-535

 

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің «Мемлекет мұқтажы үшін жер

учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы» 2023 жылғы 5 қаңтартағы

№ 1/1-12 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

 

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» 2023 жылғы 5 қаңтардағы № 1/1-12 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

қосымшасындағы:

реттік нөмірі 1 жол келесі редакцияда мазмұндалсын:

«

1

«Southeast Corner» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-313-005-155

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 221/1 учаске

0,7728

».

  1. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  2. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 сентября 2023