Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2023 жылғы 4қыркүйектегі № 3/370-518

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзгеде жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Алматы қаласы әкімінің қатысуымен 2023 жылғы 15 шілдедегі аралап өту хаттамасының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ортақ пайдаланудағы объектілердің құрылысы үшін(балалар шұғыл медициналық жәрдеморталығының аумағын кеңейту және жолды ұйымдастыру), Алматы қаласыБостандық ауданыМанас көшесі, 34а мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін  ескертсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасары жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                       Е. Досаев

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2023 жылғы «___» __________

№ _________ қаулысына қосымша

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Р/с

Жер учаскесі
меншікиесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жеручаскесініңорналасқанжері

Жер учаскесінің ауданы, га

1

Билетков Георгий Борисович

20-313-002-024

Бостандықауданы,Манас көшесі,34а

0,1908 (үлесі - 0,0954)

2

Билетков Георгий Борисович, Билетков Егор Георгиевич

20-313-002-024

Бостандықауданы, Манаскөшесі, 34а

0,1908 (үлесі - 0,0954)

 

___________________________________

 

 

 

Дата публикации
05 сентября 2023