2023 жылғы 15 тамыздағы № 3/370-486 Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларын жою туралы

2023 жылғы 15 тамыздағы № 3/370-486

Алматы қаласы әкімдігінің кейбір

қаулыларын жою туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес және Алматы қаласы прокуратурасының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 8-14-19 ұсынысы негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің кейбір қаулылары жойылсын.
  2. Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;

2) осы қаулы «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалына мәлімет үшін жіберілсін;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

  

  

Алматы  қаласы  әкімдігінің

2023 жылғы  «15» тамыз

№ 3/370-486 қаулысына қосымша

 

Алматы қаласы әкімдігінің жойылатын

кейбір қаулыларының тізбесі

 

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы
    № 4/452-3276 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысы;
  2. Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 2/200-1094 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысы;
  3. Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 тамыздағы
    № 3/440-2517 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаске бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 августа 2023