2023 жылғы 15 тамыздағы № 3/370-487
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін
алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2022 жылғы 29 маусымдағы № 7 қорытындысының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Кәріз сорғы станциясының құрылысы үшін Ершат Аскербаевич Заузаевтың Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Шаңырақ-1» шағынауданы, Қобыланды көшесі, 2/1 үй мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-321-042-677), жалпы ауданы – 0,0890 га жер учаскесінен, ауданы –0,0044 га жер учаске бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін ескертсін және жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесінің бөлігін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев