2023 жылғы 23 шілде № 2/220-383
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің бөлігін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабы 2 тармағы
4) тармақшасының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік
мүлік туралы» Заңының және Алматы қаласы Жер комиссиясының
2022 жылғы 4 сәуірдегі № 3 қорытындысының негізінде,
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Кәріз суларды айдау станциясының құрылысы үшін Ибиб Абдулакимович Избакиевтің Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Зубарев көшесі, 5 үй мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-314-041-003) жалпы ауданы 0,1142 га жер учаскесінің ауданы 0,0476 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін ескертсін және жер учаскесінің бөлігін меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесінің бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесінің бөлігін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев