2023 жылғы 23 шілде № 2/220-382 Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің бөлігін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

 

2023 жылғы 23 шілде № 2/220-382

 

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің бөлігін

алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабы 2 тармағы, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 13 қорытындысының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Су құбыры және кәріз желілері құрылысы үшін Бауржан Сеиттаевич Аденовтың Алматы қаласы, Медеу ауданы, Шоқай көшесі, 119/2 мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-315-916-402) жалпы ауданы 0,0643 га жер учаскесінің ауданы 0,0079 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін ескертсін және жер учаскесінің бөлігін меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскесінің бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесінің бөлігін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

Дата публикации
27 июня 2023