2023 жылғы 23 шілде № 2/220-381    Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен  шығарудың басталуы туралы

2023 жылғы 23 шілде № 2/220-381

  

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін

алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

 шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 13 қорытындысының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Құбыр көлігі объектісі құрылысы үшін Турган Аутович Даутовтың Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Ангарская көшесі, 13 мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-314-039-160), ауданы – 0,0594 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі (жер пайдаланушы) жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін (жер пайдаланушыны) ескертсін және жер учаскесінің меншік иесіне (жер пайдаланушыға) өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын. 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                     Е. Досаев

Дата публикации
27 июня 2023