2023 жылғы 23 шілде № 2/220-375  Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2023 жылғы 23 шілде № 2/220-375

 Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 2 қорытындысының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы ортақ пайдалануындағы объект (Сайран озенінің аумағын абаттандыру және көгалдандыру) үшін Алматы қаласы, Әуезов және Алмалы аудандарындағы жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін ескертсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2023 жылғы «___» __________

№ _________ қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

Р/с

Жер учаскесі
меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1

 «Алатау-ІІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-311-048-188

Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 290

0,1668

2

Мадимаров Еркін Уакилбекұлы

20-311-048-240

Алмалы ауданы, Абай даңғылы, 195

0,6747

3

Фазылова Лилия Бекежанқызы, Фазылов Дамир Бекежанұлы

20-312-033-144

Әуезов ауданы, Төле би көшесі, 294г

0,0746

 

____________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
26 июня 2023