2023 жылғы 21 шілде № 2/220-359
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі
алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласы Жер комиссиясының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 2 қорытындысының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Бальнеологиялық орталық салу үшін «Ыстық су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласының Алатау ауданы, «Шаңырақ-1» шағынауданы, Рысқұлов даңғылының солтүстігінде, Үлкен Алматы өзенінің батысында мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-321-042-083) ауданы – 2,4775 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Меншік иесі (жер пайдаланушы) жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін (жер пайдаланушыны) ескертсін және жер учаскесі меншік иесіне (жер пайдаланушыға) өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесінің бөлігін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев