2023 жылғы 21 шілде № 2/220-354  Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

2023 жылғы 21 шілде № 2/220-354

 Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласы Жер комиссиясының 2022 жылғы 29 қарашадағы № 13 қорытындысының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аурухана құрылысы үшін Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы, Осипенко көшесінің оңтүстігі, Белградская көшесінің батысында орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін ескертсін және жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2023 жылғы «___» _____________

№ _________ қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Р/с

№

Жер учаскесі
меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы)

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1

Касымова Айгуль Жансериковна, Абишева Кульмайра Жансериковна

20-317-048-107

Белградская көшесі, 1

 0,1000

2

«Қазинвестбанк» акционерлік қоғамы

20-317-048-143

Осипенко көшесі,

30/1 учаске

0,1132

3

«Қазинвестбанк» акционерлік қоғамы

20-317-048-144

Осипенко көшесі, 30

0,0933

4

Нурмагамбетова Нурчан Жумадиловна

20-317-048-061

Осипенко көшесі, 32

 

 0,0753

5

Аскарбекова Галия Мамырбековна

20-317-048-163

Тынышбаев көшесі, 21

0,0822

6

«Алатау Жарық Компаниясы» акционерлік қоғамы

20-317-048-090

Тынышбаев көшесі, 4432

0,0021

 

___________________________________

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 июня 2023