2023 жылғы 21 шілде № 2/220-352
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесінің бөлігін
алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 қорытындысының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолды ұйымдастыру үшін Аманбай Саянулы Тубекбаевтің Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Шұғыла» шағынауданы, 3872 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-322-009-035) жалпы ауданы 0,0735 га жер учаскесінің ауданы 0,0151 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иелерін ескертсін және жер учаскесінің бөлігін меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесінің бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесінің бөлігін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев