2023 жылғы 21 шілде № 2/220-351         Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесі бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен  шығарудың басталуы туралы

   

2023 жылғы 21 шілде № 2/220-351

 Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін

алып қоюға байланысты жер учаскесі бөлігін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

 шығарудың басталуы туралы

 

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес және Алматы қаласы Жер комиссиясының 2022 жылғы 10 қазандағы № 11 қорытындысының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Балалар алаңы құрылысы үшін «КУСА Халық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Түрксіб ауданындағы, «Нұршашқан» шағынауданы, 483 учаске мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-317-103-469), жалпы ауданы – 2,4200 га жер учаскесінен, ауданы – 0,5000 га жер учаскесі бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесі бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
  3. Меншік иесі (жер пайдаланушы) жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін (жер пайдаланушыны) ескертсін және жер учаскесі бөлігінің меншік иесіне (жер пайдаланушыға) өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесі бөлігін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесінің бөлігін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын. 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                                         Е. Досаев

Дата публикации
21 июня 2023