2023 жылғы 27 ақпандағы № 1/1-150
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін
алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабы 2 тармағы
4) тармақшасының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының және Алматы қаласы Жер комиссиясының
2022 жылғы 29 қарашадағы № 13 қорытындысының негізінде, Алматы
қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ортақ пайдалануындағы жол құрылысы (реконструкциясы) үшін Раушан Абдухаметовна Акылчанованың Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы «Шұғыла» шағынауданы, Диқан көшесі, 29/7 үй мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-322-008-693), жалпы ауданы 0,6013 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін ескертсін және жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.
-
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев