2023 жылғы 27 ақпандағы № 1/1-149
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін
алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабы 2 тармағы
4) тармақшасының, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік
мүлік туралы» Заңының және Алматы қаласы Жер комиссиясының
2022 жылғы 10 қазандағы № 11 қорытындысының негізінде,
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ортақ пайдалануындағы объект (саябақ) құрылысы үшін «МОНОЛИТ» Өндірістік-коммерциялық компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласының Бостандық ауданы, «Нұр Алатау» шағынауданы, Қазыбек Тауасарұлы көшесі, 49/1 учаске мекенжайы бойынша орналасқан, ауданы – 0,4630 га (кадастрлық нөмірі 20-313-055-746) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
- Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін болып белгіленсін.
- Меншік иесі (жер пайдаланушы) жүгінетін орын Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Абай даңғылы, 90, 801 кеңсе болып белгіленсін.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты аталған қаулыны қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте меншік иесін (жер пайдаланушыны) ескертсін және жер учаскесінің меншік иесіне (жер пайдаланушға) өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасының теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Е. Досаев