Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы

Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы

 

Жер қатынастары бөлімі мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 8 түрін көрсетеді.

2021 жылдың 4 айында барлығы 5915 қызмет көрсетілді (ЕГОВ арқылы 5365, Мемлекеттік орган арқылы 550), оның ішінде:

  1. Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту – 3064 қызмет;
  2. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 333қызмет;
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу - 1957қызмет;
  4. Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау - 519 қызмет.
  5. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру – 11 қызмет;
  6. Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату - 31;
  7. Жер учаскесін сату-сатып алу бойынша шарттар жасасу - 0қызмет (2020 жылы тізілімнен шығарылған);
  8. Жер учаскелерін жалдау шартын жасасу - 0қызмет (ағымдағы жылға тізілімнен шығарылған);
  9. Жер учаскесін алу үшін кезекке қою жүзеге асырылмайды.
  10. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру - 0 өтінім болмады.

2021 жылдың 4 айында көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 5365  қызмет электронды түрде ұсынылды (жалпы санынан 92,88%).

Осылайша, жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 Ережеге сәйкес басқарма көрсететін 8 қызметтің 7-і электрондық форматқа ауыстырылды, 1 қызмет қағаз түрінде көрсетіледі.

Дата публикации
17 мая 2021