Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 14 қыркүйектегі № 3/405-1498 қаулысы
Жер учаскесі шектеулі пайдалану құқығын
белгілеу туралы (жария сервитут)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16 және 69 баптарына
сәйкес, «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 26 маусымдағы № 34.1-34.03/1089-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2029 жылдың соңына дейін құрылыс кезеңінде «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесінде жария сервитуттың шекара жоспарына сәйкес «Көкжайлау» тау шаңғысы кешеніне апаратын жол салу үшін Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Көкшоқы шағынауданы, 1/10 учаске, кадастрлық нөмірі 20-313-047-024, жалпы пайдаланымдағы елді мекендердің жерлерінде орналасқан, жалпы ауданы 0,9724 га жер учаскесінің 0,1665 га бөлігіне шектеулі пайдалану (жария сервитут) құқығы белгіленсін.
- «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскесінің меншік иесін (жер пайдаланушыны) шектеулі пайдалану құқығының (жария сервитут) белгіленгені туралы және аталған жер учаскесінде құрылыс жұмыстарын бастау мерзімдері туралы хабардар етсін.
- «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:
1) осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік етенін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды
