Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 20 тамыздағы № 3/405-1357 қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 9 шілдедегі № 34.1-34.03/1935-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды
Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 20 тамыздағы
№ 3/405-1357 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
|
Р/с № |
Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
|
1. |
«Нобел Алматинская Фармацевтическая фабрика» акционерлік қоғамы |
20-321-030-528 |
«Мәдениет» шағын ауданы, 835 учаске |
жалпы-0,9322 иеліктен шығарылатын ауданы-0,0810 |
|
2. |
Джангурбаев Серикбай Болатбекович, Турдугулова Акбота Жолаушиновна, Мухтаров Айдар Сакенұлы, Айгожина Жулдыз Муратовна |
20-321-030-365 |
«Ленинский» ШҚҚ шаруа қожалығы, 204 учаске |
жалпы-3,8000 үлесі-1,0000 иеліктен шығарылатын ауданы-0,2042 |
______________________________