Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 20 тамыздағы № 3/405-1356 қаулысы
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін
алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе
өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен
шығарудың басталуы туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 21 қаңтар № 36.11-К хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды
Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 20 тамыздағы
№3/405-1356 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
|
Р/с№ |
Жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
|
1. |
«Алматы автомобиль-жол колледжі» мекемесі |
20-321-044-014 |
Алатау ауданы, «Ақмаржан» шағынауданы, 11 |
5,5276 |
|
2. |
«Алматы темір жол көлігі колледжі» білім мекемесі |
20-321-044-007 |
Алатау ауданы, «Ақмаржан» шағынауданы, 11 |
4,4667 |
|
3. |
Даулетбаева Жанар Тирибосыновна |
20-321-044-216 |
Алатау ауданы, «Алғабас» шағынауданы, Ф.Онгарсынова көшесі, 1/1 |
0,9912 |
_________________________________