Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 20 тамыздағы № 3/405-1355 қаулысы
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де
жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
рәсімін тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес және «Алматы қаласы Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 15 маусымдағы № 56.3-56.03/1116-И хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жолаушылар және жол көлігін ұйымдастыру үшін «Отау-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Шұғыла шағынауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 2/4 учаске мекенжайы бойынша орналасқан кадастрлық нөмірі 20-322-001-103, жалпы ауданы 13,4880 га жер учаскесінің ауданы 3,0565 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесінің бөлігін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
1) заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иесін хабардар етсін ;
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды