Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 22 шілдедегі №3/405-1126 қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 2/195-549 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты
жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп
иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
аталған қаулының 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін «Ле Монлид Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Алматы қаласы, Медеу ауданы, Құлжа тас жолы, 22/2 учаске мекенжайы бойынша орналасқан, кадастрлық нөмірі 20-315-061-363, жалпы ауданы 2,6031 га жер учаскесінен ауданы 0,7367 га жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.».
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды