Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 17 шілдедегі № 3/405-1075 қаулысы Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 17 шілдедегі № 3/405-1075 қаулысы

Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 6 тамыздағы №27.1-27.09/408-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Кәріздік сорғы станциясының құрылысы үшін, Алматы қаласы, Түрксіб ауданында орналасқан 3 (үш) жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді осы қаулының қосымшасына сәйкес мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2028 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иелері жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 603 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын  мүлікті  мәжбүрлеп  иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                              Д. Сатыбалды

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 17 шілдедегі

№3/405-1075 қаулысына қосымша

 

 

 Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Р/с №

Жер учаскесінің меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні  (атауы)

 

Кадастрлық нөмірі

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің ауданы, га

1.     

Кайшибаев Данияр Нурланович, Кайшибаева Мадина Базарбековна

20-317-105-269

Турксіб ауданы, Қайрат шағынауданы, 16 көше, 51

0,0800 га

2.     

Амиржанов Ринат Рыскелдиевич, Данышпанова Айнур Бектурсыновна

20-317-105-393

Турксіб ауданы, Қайрат шағынауданы, 53

0,1000 га

3.     

Ауганбаев Жасулан Конысбаевич

20-317-104-1039

Турксіб ауданы, Д.А.Қонаев атындағы ТК, 26/1

0,1000 га

 

___________________________

 

 

Дата публикации
20 июля 2026