Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 26 маусымдағы №2/195-1008 қаулысы Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 2/195-800 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 26 маусымдағы №2/195-1008 қаулысы

Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 1 маусымдағы

№ 2/195-800 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын

мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы»

қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

 

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 1 маусымдағы № 2/195-800 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысына өзгерістер енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  2. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                          Д. Сатыбалды

 

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 26 маусымдағы

№ 2/195-1008 қаулысына қосымша

 

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 1 маусымдағы

№ 2/195-800 қаулысына қосымша

 

 

Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі

 

1.      

«ATU Auto»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-317-011-204

9-шағын ауданы (әуежай),

48/7 учаске

2,8549

2.    

«ATU Auto»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-317-011-206

9-шағын ауданы (әуежай),

48/13 учаске

3,1412

3.    

«ATU Auto»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

20-317-011-207

9-шағын ауданы (әуежай),

 48/10 учаске

2,9474

 

                               _________________________________________________________

 

 

Дата публикации
01 июля 2026