Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 10 маусымдағы № 2/195-861 қаулысы
Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға
байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын
мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару
рәсімін тоқтату туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекетік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 4-тармағына сәйкес, Алматы қаласы прокуратурасының 2026 жылғы 20 мамырдағы № 2-17-26-17974 наразылығының негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- №51 жалпы білім беретін мектепті кеңейту үшін Алматы қаласы, Бостандық ауданының, «Көктем-3» шағын ауданында, 23а мекенжайы бойынша орналасқан мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару рәсімі тоқтатылсын.
- Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 6 маусымдағы № 2/225-668 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті алып қоюға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысы жойылсын.
- Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иесін хабардар етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды