Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 8 мамырдағы №2/195-635 қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 6 наурыздағы № 54.3-К хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскелерінің меншік иелеріне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;
2) жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелері немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскелерін «Алматы қаласы Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берсін;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Алматы қаласының әкімі Д. Сатыбалды
Алматы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 8 мамырдағы
№2/195-635 қаулысына қосымша
Мәжбүрлеп иеліктен шығарылуға жататын жер учаскелерінің тізбесі
|
Р/с№ |
Жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) тегі, аты-жөні (атауы) |
Кадастрлық нөмірі |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Жер учаскесінің ауданы, га |
|
1. |
«АДМ Строй НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-321-044-135 |
Ақбұлақ шағын ауданы, Серғазин көшесі, 41/1 |
жалпы-2,0000 га (иеліктен шығарылатын ауданы-1,1823 га) |
|
2. |
«АДМ Строй НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
20-321-044-488 |
Дарабоз шағын ауданы, 143 |
жалпы-2,7456 га (иеліктен шығарылатын ауданы-1,3593 га) |