Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі №2/195-549 қаулысы  Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып  қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 23 сәуірдегі №2/195-549 қаулысы

 Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып

 қоюға байланысты жер учаскесін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы

 

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» арнаулы мақсаттағы қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 10 сәуірдегі № АҚ/103 хаты негізінде, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін «Ле Монлид Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Медеу ауданы, Құлжа тас жолы, 22/2 учаскесі мекенжайы бойынша орналасқан (кадастрлық нөмірі 20-315-061-363) жалпы ауданы 2,6031 га жер учаскесінің ауданы 1,8600 га бөлігін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
  2. Мәжбүрлеп иеліктен шығару мерзімі 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленсін.
  3. Меншік иесі жүгінетін орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 155, 6 қабат, 603 кеңсе болып белгіленсін.
  4. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  5. Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасының «Қала жер орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен меншік иелерін хабардар етсін.
  6. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

  1) заңнамамен белгіленген тәртіпте жер учаскесінің меншік иесіне өтемақы төлеуді қамтамасыз етсін;

  2) жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша іс-шараларды аяқтағаннан кейін жер учаскесін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «А» арнаулы мақсаттағы қызметінің теңгеріміне берсін;

 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де  қажетті шараларды қабылдасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

Алматы қаласының әкімі                                                                     Д. Сатыбалды

Дата публикации
24 апреля 2026