Алматы қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі №2/195-531 қаулысы Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 3/373-1655 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысын жою туралы

Алматы қаласы әкімдігінің

2026 жылғы 22 сәуірдегі №2/195-531 қаулысы

 

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 тамыздағы

№ 3/373-1655 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін

алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе

өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен

шығарудың басталуы туралы» қаулысын жою туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, «Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 5 қантардағы                                            № 26.3-26.08/6-И хаты негізінде Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 22 тамыздағы № 3/373-1655 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» қаулысы жойылсын.
  2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсын қоса алғанда, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  3. «Алматы қаласы Жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

 

Алматы қаласының әкімі                                                               Д. Сатыбалды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
23 апреля 2026