Лого

Меню

Страницы

Статья

Арнаулы әлеуметтік қызметтер

Арнайы әлеуметтік қызметтер медициналық-әлеуметтік мекемелер және үкіметтік емес ұйымдарда мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға, жасы ұлғаюына байланысты және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көрсетіледі.

Бүгінгі күні 8 402 адамға қызмет көрсетілді (кезекте – 156 адам, оның ішінде: «Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы – 60 адам, «Алатау» әлеуметтік қызметтер орталығы – 23 адам, «Шапағат» әлеуметтік қызметтер орталығы – 23 адам, ҮЕҰ – 50 адам).

Стационар жағдайында 1 405 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде:

325 адам – жастарының ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызбасты адамдар («Шаңырақ» әлеуметтік қызметтер орталығы);

728 адам – психоневрологиялық аурулары бар, бірінші және екінші топтардағы 18 жастан асқан адамдар («Демеу» әлеуметтік қызметтер орталығы);

198 адам – психоневрологиялық аурулары бар, бірінші және екінші топтардағы 18 жастан асқан адамдар («Алатау» әлеуметтік қызметтер орталығы);

129 адам – психоневрологиялық патологиялары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар («Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығы);

25 адам – дербес өмір сүру үйінде («GUAL» азаматтық құқықтарды қорғау орталығы).

Жартылай стационар жағдайында 2 173 адамға қызмет көрсетілді:

1 247 адам – мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан адамдар («Шапағат» ӘҚО – 458 адам, Түрксіб, Бостандық, Наурызбай аудандарының бөлімшелері; «Аяла» ӘҚО – 327 адам; «Парасат» ӘҚО – 462 мүгедектігі бар бала);

769 адам – мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан адамдар (АРДИ, «Мейірім» ҚҚ, «Аман-Ималь» ҚҚ, «Арман Алматы» ҚҚ, «Кеңес» МҚБ, «Ерзи» МҚ және басқалары)

157 адам – артериялық гипертензиясы және жеңіл дәрежедегі когнитивтік бұзылыстары бар қарт адамдар (Алматы жас дәрігерлер МҚ, «Зиялылар» ҚҚ).

Үй жағдайында– 4 453 адамға қызметтер көрсетілді, оның ішінде:

1 296 адам – мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан адамдар (әкім аппараттарының 8 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері);

3 157 адам – жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдар (әкім аппараттарының 8 аудандық қоғамдық даму бөлімдері).

Уақытша болу жағдайында – 1 325 адамға қызмет көрсетілді, оның ішінде:

877 адам – баспанасыз адамдарға, бас бостандығынан айрылу орындарынан босап шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға қызмет көрсететін «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығы;

445 адам – тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсететін «Жан-Сая» дағдарыс орталығы;

3 адам – адам саудасы құрбандарына қызмет көрсететін «Аяулы халық» ҚҚ.

Дата публикации
02 июля 2021
Дата обновления
11 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
04 декабря 2025
Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бейнекурс
Ақпарат
31 июля 2024
«Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы