
2021 жылдың 10 айында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған 255 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Еңбек заңнамасы нормаларының 243 бұзылуы анықталды, заңдылықты бұзушылықты жою туралы 148 ұйғарым берілді.
14,6 млн.теңге сомасына 85 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (оның ішінде 11,6 млн. теңге сомасына 62 заңды тұлғаның жалақысын уақтылы төлемегені үшін).
Бұқаралық ақпарат құралдарында 51 сөз сөйлеу ұйымдастырылды.
Еңбек заңнамасының нормаларын түсіндіру бойынша қала кәсіпорындарында 2 779 адамның қатысуымен 186 кездесу өткізілді.
Азаматтарды қабылдау барысында кезекші инспекторлар 568 жеке тұлғаны қабылдады.
Жалақы бойынша берешек 5 банкроттық кәсіпорында 32 қызметкер алдында 41,5 млн. теңгені құрайды.
176 кәсіпорында 289,1 млн. теңге көлемінде жалақы бойынша берешек өтелді, осылайша 1 693 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.
Жыл басынан 186 ұжымдық шартқа (барлығы 27 224 КҚ) мониторинг және тіркеу жүзеге асырылды.
Өндіріспен байланысты 77 жазатайым оқиға (зардап шеккендер - 79) тіркелді, оның ішінде:
- өліммен аяқталғандар - 5 адам,
- ауыр дәрежедегі жарақат алғандар - 21 адам,
- жеңіл дәрежедегі жарақаттар - 53 адам.