Лого

Меню

Страницы

Статья

«Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

I Кіріспе

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің толық атауы: «Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма)

Ішкі талдау жүргізу негізі: Басқарма басшысының 2024 жылғы
3 шілдедегі № 68 бұйрығы.

Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2024 жылғы 8 шілдеден 8 тамызға дейін. Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;
  • мүдделер қақтығысын реттеу;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету;
  • рұқсат беру функцияларын іске асыру;
  • бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
  • жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;
  • ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;
  • талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Талдау көздері ретiнде Басқарманың қызметiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер (заңдар, Ереже, бұйрықтар, ережелер, уәкілетті органдардың тексеру нәтижелері және өзге де НҚА); басқарманың iшкi құжаттары, еркін қолжетімді материалдар мен құжаттар пайдаланылды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 307 бұйрығының 4-тармағының талаптарына сәйкес, «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының, Алматы қаласы аудандары әкімдері аппараттарының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаментінің 2024 жылғы 9 ақпандағы № 43 және Алматы қаласы әкімі аппаратының 2024 жылғы 15 ақпандағы № 12/6 бірлескен бұйрығы негізінде 2020 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша 2024 жылғы 19 маусымдағы талдамалық анықтама жасалды (https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzsp/documents/details/698284?lang=kk).

Талдау анықтамасында көрсетілген ұсынымдарды орындау үшін басқарма 2024 жылғы 2 шілдедегі басқарманың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдарды орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті, оны орындау белгіленген мерзім шеңберінде жүзеге асырылады (https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uzsp/documents/details/688488?lang=kk).

  1. Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Басқарма Алматы қаласының аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады, өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Алматы қаласы әкімдігінің бұйрықтарын, қаулыларын, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерін және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

Басқарма қызметінің негізгі бағыттарының бірі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады, оларды ұсыну тәртібі «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 (бұдан әрі - Стандарт) және 2023 жылғы 22 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - Қағидалар) бұйрықтарымен реттелінеді.

Стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының 2-тармағына сәйкес (Стандартқа 1-қосымша) стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілетін адамдардың тізбесі айқындалды, олардың бірі психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдар болып табылады, бұл ретте Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, стационарлық үлгідегі ұйымдар тәулік бойы тұрақты немесе уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) тұруға арналған: стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж бірінші, екінші топтағы психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан адамдарға.

Осыған байланысты, арнаулы қызметтер көрсету кезінде құқық нормаларын әртүрлі қолдану мен түсіндіру және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарына қысым жасау мүмкіндігі туындайды.

Ұсыныс:

Бұл мәселені ведомстволық бағынысты медициналық - әлеуметтік мекемелерінің директорларымен қарастыру және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті ұсыныс енгізу - «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы
№ 230 бұйрығының нормаларын Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің және стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартының талаптарына келтіру.

 

Оның ішінде Басқарма жекелеген нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуші орган болып табылады (қала мәслихатының шешімдері және Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары), жүргізілген мониторинг барысында Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешімімен бекітілген Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 4-тармағының 1) тармақшасында ескірген норма анықталды – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ұғымы, оның жаңа редакциядағы анықтамасы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысында берілген.

Ұсыныс:

Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 73 шешіміне тиісті өзгеріс енгізу және Алматы қаласы мәслихатының бекітуіне енгізу қажет.

 

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау шеңберінде ведомстволық бағынысты мекемелердің ішкі құжаттары, атап айтқанда Бақылау кеңестерінің жұмысы іріктеп қаралып, зерделенді («Жан-Сая» дағдарыс орталығы» КММ, «Парасат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ, «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ, «Демеу» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ).

Байқау кеңестері 8 мекемеде қызмет жоспарларын жетілдіру және дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту, сондай-ақ көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында құрам мен ережені бекіткен және консультативтік-кеңесші немесе кеңесші органдар болып табылатын директорлардың тиісті бұйрықтарымен құрылды («Жан-Сая» дағдарыс орталығы» КММ 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 45-П, «Парасат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 04н, «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ 2024 жылғы , қаңтардағы № 8 нқ, «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ 2021 жылғы 15 ақпандағы № 18, «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ 2024 жылғы 15 қаңтардағы № 21/1, «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ бұйрық жоқ, «Демеу» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ 2019 жылғы 13 наурыздағы № 16-П, «Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ 2024 жылғы 22 шілдедегі № 28-пп).

Байқау кеңесінің бекітілген ережелерін зерделеу кезінде оның негізгі қызмет бағыттары орталықтың мақсаттарын сақтау, стратегиялық жоспарларды әзірлеу, қаражатты жұмсау тиімділігін талдау және қызметтің ашықтығын арттыру, қосымша қаржы ресурстарын тарту, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен жұмыс, АӘҚ сақталуын бақылауды жүзеге асыру, Орталықтың қызметі туралы есептер мен оның қаржылық есептілік жобаларын қарау және бекіту болып табылатыны анықталды.

Отырыс қорытындысы бойынша интернет-ресурстарға ақпаратты орналастыра отырып, орталықтар басшылығына ұсынымдар шығарады.

Бұл ретте, Байқау кеңестерінің құрамына орталықтардың қызметкерлері (директорлар, директорлардың орынбасарлары, мамандар), оның ішінде көрсетілетін қызметті алушылар немесе олардың заңды өкілдері және басқару органының қызметкерлері кіреді («Парасат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ, «Демеу» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ), бұл өз кезегінде ұсынымдар шығару немесе ақпаратты бұрмалау кезінде мүдделерді лоббилеуге ықпал етеді.

Сондай-ақ, Байқау кеңестерінің жекелеген құрамдары өзекті емес және оларды қайта қарауға жататыны анықталды, мысалы: «Жан-Сая» дағдарыс орталығы» КММ, «Пана» әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ өкілеттік мерзімі аяқталған Алматы қаласы мәслихатының депутаттары көрсетілген.

Сонымен қатар, ережелерде Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидат ретінде қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы жария хабарландыру тәртібі, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар жоқ, бұл адамдар тобының тарылуы, мүдделі тұлғаларды оның құрамына енгізу мүмкіндігі туралы айтады.

Оның ішінде, Байқау кеңесінің жекелеген ережелеріне сәйкес «Байқау кеңесі орталықтың алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады» деп айқындалды, бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және ведомстволық бағынысты мекемелердің құрылтай құжаттарын (Жарғысын) бұзу болып табылады, өйткені құрылтай құжаттарына (Жарғыға) сәйкес оларды басқару тәртібі айқындалған (құрылтайшы Алматы қаласы әкімдігі атынан және Басқару органы ведомстволық бағынысты мекемелерге жалпы басшылықты жүзеге асырады, директор дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және мекеме қызметінің мәселелерін дербес шешеді) бұл ретте басқарудың қандай да бір алқалы нысаны көзделмеген.

Байқау кеңестері отырыстарының хаттамалары мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келмейді және ресми сипатта болады.

Ұсыныс:

Байқау кеңесінің жұмысын ведомстволық бағынысты мекемелердің директорларымен бірлесіп қайта қарау және одан әрі қызметтің тиісті тетігін енгізу, жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді ескере отырып, құрамдар мен ережелерді қайта бекіту және жұмыс істеудің ашықтығын қамтамасыз ету.

 

Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 75 бірлікті құрайды, оның ішінде 19 бірлік басшы лауазымдар (1 басқарма басшысы, 3 орынбасар және 15 бөлім басшысы) және 56 бірлік бас мамандар, бұл «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 29 тамыздағы № 176 бұйрығының талаптарына сәйкес келеді.

Штаттан тыс қызметкерлер саны-17 бірлік.

Талданып отырған кезеңде теріс себептер бойынша жұмыстан босату, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды растайтын фактілер жоқ.

Басқарма қызметкерлерін заңсыз жұмыстан шығару, мемлекеттік қызметшілерді талданатын кезең ішінде тәртіптік жауапкершілікке тарту фактілері жоқ.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне немесе сотқа тәртіптік жауаптылыққа заңсыз тарту жөніндегі шағымдар да белгіленбеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларының талаптарын бұзу белгіленбеген.

Бұрын сыбайлас жемқорлық және қылмыстық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау фактілері жоқ.

 

Мүдделер қақтығысын реттеу.

Бірыңғай кадр саясатын бақылау мен іске асыруды, персоналды басқару жүйесінің тұтастығын қалыптастыруды, сондай-ақ Мемлекеттік қызметке кіру рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етуді Алматы қаласы әкімі аппаратының персоналды дамытудың бірыңғай қызметі жүзеге асырады, осыған байланысты конкурстық рәсімдерді өткізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралмайды.

Тікелей бағыныстағы жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметінің, мемлекеттік қызметшілердің өзге де ақылы қызметпен айналысу фактілері, сондай-ақ лауазымды адамдар үшін заңнамада белгіленген қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен тыйымдарды бұзу фактілері анықталған жоқ.

Оның ішінде, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының талаптарына қатаң сәйкестікте өткізілетін мемлекеттік сатып алу рәсіміне талдау жасалды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуетті өнім берушілердің үлестестігін анықтау жөніндегі жұмысты портал автоматты түрде жүргізеді (Пайдаланушы нұсқаулығының 15 бөліміне сәйкес (https://wiki.goszakup.gov.kz/pages/viewpage.action?pageId=21528612) «Әлеуетті өнім берушінің әрекетке қабілеттілігі, үлестестігі және жақын туыстары туралы мәліметтерді тексеру», сатып алуға қатысуға өтінім жасау кезінде жүйе әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғалары туралы деректерді алуға «Заңды тұлғалар» Мемлекеттік дерекқорына сұрау салу жібереді. Мемлекеттік сатып алу порталының жүйесі аффилирленгендігін тексеруді жүзеге асырады).

Талданатын кезеңде аффилирлену фактілері анықталған жоқ.

Оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлеріне сыйақы беру тәртібі іріктеп зерделенді, оның нәтижелері бойынша мыналар белгіленді.

Директорлар мен олардың орынбасарларының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына үстемеақы белгілеу және материалдық көмек көрсету «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысымен реттеледі, 6-тармақтың 1) тармақшасына сәйкес: «кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе Мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша, кредиторлық берешек болмаған кезде, салалық берешекте айқындалған тәртіппен сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету келісіммен, ұжымдық шартпен және (немесе) жұмыс берушінің актісімен ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу» (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ұжымдық шарт деп ұйымда әлеуметтік еңбек қатынастарын реттейтін қызметкерлер мен олардың өкілдері мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт түсініледі бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауысым кестелері, вахталар кестелері, демалыс кестелері).

Осылайша, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сыйлықақы беру тәртібі ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады, ұжымдық шарттарға сәйкес қызметкерлерге сыйлықақы берудің нақты тәртібі жоқ (сыйлықақының шешімі мен мөлшерін директор ғана айқындайды), қолда бар сыйлықақы беру жөніндегі комиссиялар ресми сипатта болады, бұл ретте сыйлықақы берудің жекелеген негіздері мекемелердің қызметіне сәйкес келмейді. Осы мекемелер қолданбайтын «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы N 1127 қаулысына сілтемелік норма бар.

Оның ішінде сыйлықақылардың тізімдері мен мөлшерін зерделеу кезінде мекемелердің бір қызметкеріне сыйлықақы мөлшерін асыра бағалау фактілері анықталды, бұл олардың мөлшерін анықтау бойынша бірыңғай талаптардың жоқтығын көрсетеді, бұл қызметкерлерді, оның ішінде директорлар мен директорлардың орынбасарларын тиімсіз ынталандыруға әкеледі («Шаңырақ» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ, «Қамқор» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ).

Ұсыныс:

Ведомстволық бағынысты мекемелердегі ұжымдық шарттардың талаптарын қайта қарау, сыйлықақының нақты шарттарын, мөлшері мен тәртібін айқындау қажет. Оның ішінде сыйлықақының нақты мөлшерін көрсете отырып, ведомстволық бағынысты мекемелердің директорлары мен директорлардың орынбасарларының сыйлықақыларын төлеу тетігін әзірлеу қажет.

 

Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Басқарма «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін көрсетуді жүзеге асырады. Қызмет толығымен автоматтандырылған.

Шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі «Халықтың көші-қоны туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен, «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығы, сонымен қатар «Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысымен бекітілген.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы
№ 279 бұйрығымен бекітілген жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалардың 8-тармағына сәйкес жергілікті атқарушы орган жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның ұсынымдары негізінде шешім қабылдайды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға барлығы 593 рұқсат берілді.

Жұмыс берушілер енгізген рұқсаттарды бергені үшін алымның жалпы сомасы 367 млн. теңгені құрайды.

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Басқарма және «Алматы қаласының еңбек мобильділігі орталығы» КММ ведомстволық бағынысты мекемесі (бұдан әрі - ЕМО) 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1) өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын ақпарат беру;

2) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту;

 3) жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу (ЕМО);

4) жұмыссыздарды тіркеу (ЕМО);

5) адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру (ЕМО);

6) жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру;

7) Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту;

8) шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту.

2024 жылдың 6 айында 78 590 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 427 немесе 0,55%-ы Мемлекеттік корпорация арқылы, 74 310 немесе 94,55% «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және 3 853 немесе 4,9% мемлекеттік орган арқылы көрсетілді.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың 2 140 жағдайы тіркелді. Барлық бас тартулар негізді болды, яғни құжаттар толық емес көлемде ұсынылды, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті мемлекеттік қызметті алуға құқығы жоқ.

Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 77 572 немесе 98,7% жұмыспен қамтуға және халықты жұмыспен қамтуға тиесілі. Олардың ішінде:

- Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу - 35 412;

- Жұмыссыздарды тіркеу - 29 517;

- Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама беру - 12 643;

- Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама беру – 0.

Жүргізілген орталықсыздандыру шеңберінде басқарманың жекелеген функциялары Алматы қаласы әкімдерінің аудандық аппараттарына берілді, оның ішінде 2023 жылғы 1 сәуірден бастап 15 мемлекеттік қызмет көрсету (тұрғын үй көмегін тағайындау; медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу; Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу; Мүгедектігі бар адамдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу; Мүгедектігі бар адамдарды есту қабілеті нашар адамдар үшін жестау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу; Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу; Мүгедектігі бар адамдарды техникалық-көмекші (компенсаторлық)құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу; Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру; Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау; мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу; Еңбек иммигранттарына рұқсат беру және ұзарту).

Ұсыныс:

Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарына жүргізілген орталықсыздандыру шеңберінде берілген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына және олардың халықтың әлеуметтік осал топтары үшін қолжетімділігіне талдау және мониторинг жүргізу.

 

Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Басқару бойынша 2024 жылға бекітілген бюджет 4 719 189,0 теңгені құрайды, оның ішінде 2024 жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша 44% немесе 2 079 722,0 теңге игерілді (ай бойынша жылдық жоспарға пайызбен орындау: наурыз-17 %; Сәуір-22 %; мамыр-31 %; маусым-39 %; Шілде-44 %)

Талданып отырған кезеңде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шарттар жасаспай, жүз айлық есептік көрсеткіштен аз сомаға қызметтерге ақы төлеу бойынша 23 төлем операциялары жүргізілді (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі, «Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығы).

Сонымен қатар, басқарманың 12 ведомстволық бағынысты мекемесі бар, олар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен ведомстволық бағынысты мекемелердің жарғылық қызметін іске асыру үшін қажетті негізгі құралдарды сатып алу жүзеге асырылады, олар сатып алынғаннан кейін мекемелердің балансына берілуге тиіс (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 202-бабына сәйкес «Жедел басқару құқығы меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мекеменің және мүлікті меншік иесінен алған және өз қызметінің мақсаттарына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына, осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген шектерде жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады»)

Алайда, 2024 жылдың басынан бастап (қаңтар маусым) Басқарма ведомстволық бағынысты мекемелер үшін жалпы сомасы 107 698 440 теңгеге 6 000-нан астам тауардың негізгі қаражатын сатып алды олар ішкі талдау жүргізу кезінде ведомстволық бағынысты мекемелердің балансына берілмеген. Бұл әрекеттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік саласындағы заңнамасының нормаларын бұзуға әкеп соғуы мүмкін.

Ұсыныс:

Ведомстволық бағынысты мекемелердің балансына материалдық құндылықтарды беру бойынша қажетті рәсімдердің жүргізілуін қамтамасыз ету. Негізгі құралдарды ведомстволық бағынысты мекемелерге беру бойынша нақты ең төменгі мерзімдерді айқындай отырып, тиісті тетікті әзірлеу және бекіту.

 

Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

2024 жылдың басынан бастап Басқарма мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы 207 шарт жасасты.

Ашық конкурс - 40 шарт немесе 19,5%, баға ұсыныстарын сұрату – 108 шарт немесе 54%, өтпеген сатып алу бойынша бір көзден – 18 шарт немесе 9%, тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден - 7 шарт немесе 3,5%. Мемлекеттік сатып алудың барлық рәсімдері Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес өткізілді.

Талданып отырған кезеңде Басқарманың лауазымды адамдарына қатысты мемлекеттік сатып алу саласындағы бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан тәртіптік немесе әкімшілік жазалау шаралары қолданылмады.

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелерді орындауды бұзғаны үшін 2024 жылы сот органдарына 19 талап арыз берілді: 4 талап қою бойынша Басқарманың талаптары толық көлемде қанағаттандырылды, оның ішінде 3 өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп танылды, 5 бойынша тұрақсыздық айыбы өндірілді. 15 талап бойынша қазіргі уақытта сот талқылаулары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 шілдеде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңы қабылданды, ол 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, оған сәйкес уәкілетті орталық мемлекеттік орган қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың тиісті қағидаларын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізуде.

Жаңа Заңға және Қағидалар жобасына сәйкес мемлекеттік сатып алудың жаңа рәсімдері, сондай-ақ оларды өткізудің 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зерделеу және қолдану қажет тәртібі мен мерзімдері, өз кезегінде мемлекеттік сатып алуға әлеуетті қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін бұзуы мүмкін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын болдырмау мақсатында енгізіледі.

Оның ішінде, «Сенім» әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ ведомстволық бағынысты медициналық-әлеуметтік мекемесінде (18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар үшін) мемлекеттік сатып алуды өткізуге талдау жүргізілді. 2023 жылғы наурыздан бастап балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қаржы министрлігінің түсіндірмесі негізінде (2023 жылғы 7 ақпандағы №ЗТ-2023-00207106 хат) Орталық «Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 412 бұйрығының нормаларын қолдана отырып, бірінші кезекте қажетті тауарлар мен заттарды сатып алуды жүзеге асырды. Бұл ретте Орталық сатып алатын барлық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер балалардың құқықтарын қорғауға жатпайды, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасының негізгі қағидаттарын бұзуға әкелуі мүмкін, бұл Алматы қаласы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметін тексеру актісімен расталады.

Ұсыныс:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңа заңнамасының нормаларын уақтылы зерделеуді қамтамасыз ету қажет.

Басқарманың және ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлерін оқытудан өту мүмкіндігін қарастыру.

Жалпыға бірдей оқыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту.

Орталық сатып алатын, бұйрық шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасы шеңберінде олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу.

 

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/249 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы қаласының аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Басқарма белгіленген құзырет шеңберінде ақпараттық жүйелерді әзірлеуді жүзеге асырмайды, бұл ретте қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мынадай ақпараттық жүйелерді, оның ішінде 8 мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдаланады:

  1. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі (азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы);
  2. «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - ААЖ) (материалдық және заттай көріністе әлеуметтік көмек көрсетудің, арнаулы әлеуметтік қызметтердің бизнес-процестерін автоматтандыруға, жергілікті атқарушы органдар жүргізетін іс-шаралардың дерекқорын қалыптастыруға, жүргізуге және пайдалануға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен);
  3. «Электрондық үкіметтің» веб - порталы (нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе);
  4. Отбасының цифрлық картасы («электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасында іске асырылған аналитикалық шешім, ол отбасылардың (адамдардың) тізімдерін олардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейі бойынша қалыптастыруға және сегменттеуге мүмкіндік береді. Отбасының цифрлық картасының мәліметтері әлеуметтік қорғау шараларына, оның ішінде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың проактивті мемлекеттік қызметтер көрсетуіне әлеуетті мұқтаж адамдарды (отбасыларды) айқындау үшін негіз болып табылады);
  5. Құжаттамашы (ОДО) (іс қағаздарын жүргізудің барлық стандартты функцияларын автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе, олар құрылған немесе орындалу немесе жөнелту аяқталған сәттен бастап ұйымдағы құжаттардың қозғалысы);
  6. «Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталы (inva.gov.kz қолжетімділік картасы) (ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жабдықталған объектілердің қолжетімділігі туралы ақпарат беретін ақпараттық жүйе);
  7. «Еңбек нарығы» ААЖ (халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және халыққа әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен);
  8. «Еңбек кз» ақпараттық порталы (жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру жөніндегі бірыңғай цифрлық алаң);
  9. Мемлекеттік органдардың Интранет-порталы (ИПГО) (мемлекеттік органдардың ведомстволық және ведомствоаралық бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе);
  10. Әлеуметтік қызметтер порталы (Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес кепілді сома шегінде жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеу шарттарында мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі);
  11. «Шетелдік жұмыс күші» ААЖ (жұмыс берушілер тартатын немесе Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін өз бетінше келетін шетелдік жұмыскерлерді тіркеуге, рұқсаттар, анықтамалар беруге, мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе);
  12. «Қандас» ААЖ (этникалық қазақтар мен қандастар үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе).

Ішкі талдау барысында Басқармаға 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 3356 хат («E-Otinish» АЖ - 1426, ОДО – 1930) келіп түскені анықталды, оның ішінде мерзімдері бұзылған өтініштерді қараудың
5 фактісі анықталды.

Ұсыныс:

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау бойынша Алматы қаласы әкімдігі мен әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің іс қимыл алгоритмінің талаптарын ескере отырып орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды күшейту;

Басқарма қызметкерлері өтініштерді уақытылы және сапалы қарау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын;

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және оларды қарау мерзімдері бойынша жалпыға бірдей оқыту өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту.

Басқарма қорытынды анықтамаға қол қойылғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және бірлескен жұмыс барысында анықталған жұмыс тобының ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірленсін және бекітілсін.

 

 

Басшы                                                                                                        Б. Жаубасов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Енгізеді:

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы:

 

Заң бөлімінің басшысы

(жұмыс тобының басшысы)                                                                    Ж. Галиев

 

Мемлекеттік қызметтер мен

ақпараттық технологияларды

үйлестіру бөлімінің басшысы                                                          А. Сапарханов

 

Әлеуметтік төлемдерді үйлестіру

бөлімінің басшысы                                                                           Г. Мухаметова

 

Медициналық-әлеуметтік мекемелермен

 жұмыс бөлімінің басшысы                                                                 М. Маринов

 

Тең мүмкіндіктер бөлімінің

басшысы                                                                                         А. Султангазиев

 

Көші-қон жүйелер бөлімінің

басшысы                                                                                               А. Төлегенов

 

Еңбек нарығын дамыту бөлімінің

басшысы                                                                                           Д. Дауренбаева

 

Жоспарлау және қаржы бөлімінің

басшысы                                                                                            В. Суттибаева

 

Мемлекеттік сатып алу бөлімі

басшысының м.а.                                                                          Г. Наурызбекова

 

Кадрмен жұмыс және құжаттамалық

қамтамасыз ету бөлімінің басшысы                                               Ә. Қалдыбаева

 

Заң бөлімінің бас маманы

(жұмыс тобының хатшысы)                                                                       Ж. Үмен

 

 

 

Дата публикации
31 июля 2024
Дата обновления
31 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Сайлау
04 декабря 2025
Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету бойынша бейнекурс
Ақпарат
31 июля 2024
«Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы