
I Кіріспе
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің толық атауы: «Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма)
Ішкі талдау жүргізу негізі: басқарма басшысының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 68 бұйрығы.
Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2023 жылғы 18 қыркүйектен 15 қазанға дейін.
Ішкі талдау объектісі қызметінің талданатын кезеңі: 2023 жылғы III тоқсан.
Талдау ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыты бойынша жүргізілді.
Талдау көздері ретiнде Басқарманың қызметiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер (заңдар, Ереже, бұйрықтар, ережелер, уәкілетті органдардың тексеру нәтижелері және өзге де НҚА); басқарманың iшкi құжаттары, еркін қолжетімді материалдар мен құжаттар пайдаланылды.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Алматы қаласы әкімдігінің 1 маусымдағы № 2/249 қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес «Алматы қаласы Жұмыспен камту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы қаласының аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап қаланың мемлекеттік органдарының функцияларын орталықсыздандыру рәсімі аяқталды. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын (бұдан әрі - ХӘОТ) әлеуметтік қолдау мәселелері жөніндегі басқарманың кейбір функциялары, 8 аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің штаты әкімдердің аудандық аппараттарына берілді, оның ішінде 15 мемлекеттік қызмет көрсету берілді. Бұл ретте бүгінгі күні Басқарма тарапынан 23 қызметті жалпы үйлестіру жүзеге асырылады.
Анықтама: мәслихаттың шешімі бойынша әлеуметтік көмектің 16 түрін көрсету бойынша функциялар берілді, АӘК, тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу, еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, АӘҚ көрсетуге құжаттарды қабылдау, мүгедек адамдарды тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету, санаторий-курорттық емдеу және т.б. 15 мемлекеттік қызмет арқылы көрсетіледі. Берілген бюджеттің жалпы сомасы 12 414 млрд. теңгені құрайды.
Басқарма белгіленген құзырет шеңберінде ақпараттық жүйелерді әзірлеуді жүзеге асырмайды, бұл ретте қойылған мақсаттарды іске асыру үшін, оның ішінде 8 мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мынадай ақпараттық жүйелерді пайдаланады:
"Е-өтініш" ақпараттық жүйесі (азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы);
"Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі-ААЖ) (материалдық және заттай көріністе әлеуметтік көмек көрсетудің, арнаулы әлеуметтік қызметтердің бизнес-процестерін автоматтандыруға, жергілікті атқарушы органдар жүргізетін іс-шаралардың дерекқорын қалыптастыруға, жүргізуге және пайдалануға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен);
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе);
Отбасының цифрлық картасы ("электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасында іске асырылған аналитикалық шешім, ол отбасылардың (адамдардың) тізімдерін олардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейі бойынша қалыптастыруға және сегменттеуге мүмкіндік береді. Отбасының цифрлық картасының мәліметтері әлеуметтік қорғау шараларына, оның ішінде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың проактивті мемлекеттік қызметтер көрсетуіне әлеуетті мұқтаж адамдарды (отбасыларды) айқындау үшін негіз болып табылады);
Документолог (іс қағаздарын жүргізудің барлық стандартты функцияларын, ұйымдағы құжаттар құрылған немесе алынған сәттен бастап орындалу немесе жөнелту аяқталғанға дейін кезеңді автоматтандыруды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе);
6. "Мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау" ақпараттық порталы (inva.gov.kz қолжетімділік картасы) (ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жабдықталған объектілердің қолжетімділігі туралы ақпарат беретін ақпараттық жүйе);
"Еңбек нарығы" ААЖ (халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және халыққа әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен);
"Еңбек кз" ақпараттық порталы (жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру жөніндегі бірыңғай цифрлық алаң);
Мемлекеттік органдардың Интранет-порталы (МОИП) (мемлекеттік органдардың ведомстволық және ведомствоаралық бизнес–процестерін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе);
1 Әлеуметтік қызметтер порталы (Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес кепілді сома шегінде жергілікті атқарушы органдардың олардың құнын өтеу шарттарында мүгедектігі бар адамдар үшін өнім берушілер ұсынатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай нүктесін білдіретін ақпараттандыру объектісі);
"Шетелдік жұмыс күші" ААЖ (жұмыс берушілер тартатын немесе Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін өз бетінше келетін шетелдік жұмыскерлерді тіркеуге, рұқсаттар, анықтамалар беруге, мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе);
"Қандас" ААЖ (этникалық қазақтар мен қандастар үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе).
Бұл ретте сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау барысында пайдаланылатын ақпараттық жүйелердің жұмысында мынадай кемшіліктер анықталды:
Жеке абилитация және оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі - МБА) техникалық көмекші құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету бойынша:
"Е-собес" ААЖ және "Әлеуметтік қызметтер порталын" пайдалану кезінде бірқатар проблемалық мәселелер бар (өтініштер "Е-собес" ААЖ-да тіркелуге жатады, онда өтініштердің электрондық есебі жүргізіледі. "Е-собес" ААЖ "Әлеуметтік қызметтер порталы" платформасымен интеграцияланған. Мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген өнім берушілер тарапынан оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз етіледі):
1) Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерін орындау/орындамау сапасы туралы пікірлер/бағаларды МБА-да орналастыру мүмкіндігінің болмауы (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі-Премьер - Министр орынбасарының 2023 жылғы 30 маусымдағы № 285 бұйрығымен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді тіркеу немесе оларды әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден шығару, сондай-ақ тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік қызметтер порталына жіберу қағидаларына сәйкес мүгедектігі бар адам өнім берушінің өзіне алған міндеттемелерін орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік қызметтер порталында портал өнім берушісіне қатысты шаралар қабылдау және мүгедектігі бар адамның құқықтарын қалпына келтіру үшін тиісті ақпаратты орналастырады).
Өнім берушінің тапсырысты орындау барысы туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі функционалы МБА үшін тапсырыс орындалғаннан кейін ғана жұмыс істейді (өнім берушінің тапсырысты орындау туралы құжаттарды жүктеуі), осылайша тапсырысты орындау барысында МБА оның тиісті орындалуына тиісті шолуды орналастыра алмайды (тапсырысты орындау мерзімі, қызмет көрсету сапасы және т. б.).
Ұсынылды: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі - ЕХӘҚМ) және мүдделі ұйымдарға тапсырысты орындау процесінде өнім берушінің міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны туралы кері байланысты орналастыру бойынша МБА үшін әлеуметтік қызметтер порталына функционал қосу жөнінде ұсыныс енгізу.
2) Әлеуметтік қызметтер порталында Қазақстанның басқа өңірлерінен қызметтер көрсететін өнім берушілер ұйымдарының филиалдарын (өңірмен келісу) тіркеу функционалы жоқ.
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өнім берушілердің басқа өңірде филиал ашуға мүмкіндігі / құқығы бар екенін ескеру қажет, бірақ бұл ретте филиалды тіркеу/ашу іс жүзінде ұйым тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады, ал филиал порталға енгізіледі. Осылайша, ашылған кезде белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру мүмкіндігі жоқ.
Ұсынылды: ЕХӘҚМ және мүдделі ұйымдарға өнім беруші ұйымдардың филиалдарын әлеуметтік қызметтер порталында тіркеу мәселесін қарау жөнінде ұсыныс енгізу.
3) Өнім беруші қызметті қамтамасыз етуден және (немесе) көрсетуден бас тартқан жағдайда, әлеуметтік порталда МБА уақтылы хабардар етілмейді.
МБА қызметтерді алуға немесе қажетті тауарларды сатып алуға өтінім берген кезде өнім беруші портал көмегімен хабарлама жіберу арқылы өтінімді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Алайда, МБА порталға сирек кіру себебінен өнім берушінің бас тартқаны туралы білмейді.
Ұсынылды: өнім беруші ұйымдары филиалдарының әлеуметтік қызметтер порталында тіркеуден бас тартқан жағдайда ЕХӘҚМ мен мүдделі ұйымдарға балама хабарлама туралы мәселені қарау жөнінде ұсыныс енгізу.
"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде.
"Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 және "Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларын бекіту және осыған байланысты мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу туралы" 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешімдері негізінде Алматы қаласының аумағында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетіледі, бұл ретте қызмет 3 тәсілмен көрсетіледі:
1) қызметті беруші;
2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);
3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы.
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қызмет көрсеткен кезде мұқтаж азаматтардың барлық санаттары осы қызметті пайдалана алмайды (санаттардың мәслихат шешімдеріне сәйкес келмеуі), бұл олардың қызмет алу құқықтарының шектелуіне әкеледі.
Ұсынылды: ЕХӘҚМ және мүдделі ұйымдарға "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету кезінде санаттарды кеңейту мәселесін қарау жөнінде ұсыныс енгізу.
Басшы Б. Жаубасов
Енгізеді:
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы:
Басшы орынбасарының у.м.а.
(жұмыс тобының басшысы) Ж. Галиев
Мемлекеттік қызметтер мен
ақпараттық технологияларды
үйлестіру бөлімінің басшысы А. Сапарханов
Әлеуметтік төлемдерді үйлестіру
бөлімінің басшысы Г. Мухаметова
Көші-қон жүйелер бөлімі
басшысының м.а. К. Галиева
Еңбек нарығын дамыту бөлімі
басшысының м.а. А. Рашид
Тең мүмкіндіктер бөлімінің
басшысы А. Султангазиев
Медициналық-әлеуметтік мекемелермен
жұмыс бөлімінің басшысы А. Осербаев
Қол жетімділік бөлімінің
бас маманы С. Кайырбеков
Заң бөлімі бас маманының м.а.
(жұмыс тобының хатшысы) Ж. Үмен
ҰСЫНЫСТАР НЕМЕСЕ ҚАРСЫЛЫҚТАР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА 5 ЖҰМЫС КҮНІ ІШІНДЕ ӨЗ ПІКІРІҢІЗДІ ҚАЛДЫРУЫҢЫЗДЫ СҰРАЙМ